Текст на тему "Қазақстанның болашағы - жастар"

Вопрос:

Текст на тему "Қазақстанның болашағы - жастар"
Қазақ тiлi
admin 13.12.2022 78

Ответ учителя:

Ответ:

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.

Үлкен мүмкіндіктер, биік армандар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Үкімет қазіргі толқынға, жастарға үлкен үміт артады. Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылы республикада жастар саясатының мәселесі бойынша арнайы уәкілетті орган – ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Бұл уәкілетті органның қызметтік шеңбері  өте кең: біліктілік деңгейі, білім алу, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізуді ұйымдастыру, саламатты өмір салтын ұстану және рухани құндылықтарды қастерлеу, патриотизмді бекіту.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанның халық саны 18 миллионнан асқандығын және 4,2 миллион адам  (немесе 23 пайыздан жоғары) жалпы алғанда – бұл 14 жас пен 29 жастар аралығындағы жастар екендігін ескерсек, бұл көрсеткіште ҚР ДІАҚМ-нің атқаратын жұмысы өте көп...

Осы тұста жақсы нәтиже беретін жүйелі тәсіл өте маңызды.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қызметпен қамтамасыз ету

Жас қазақстандықтар қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуда, елімізде жоғары білім алу үшін білім гранттары бөлінуде.

Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде, «Дипломмен ауылға», келісімшарттық негіздегі әскери қызмет ( бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамының 70 пайыздан астамы келісімшарт негізіндегі әскери қызметте) және т.б. атап өтуге болады.

Жыл өткен сайын жастар арасындағы жұмыссыздық қысқарып келеді. Ресми көрсеткіштер бойынша, жұмыссыздық 2016 жылдың ІІ тоқсанында 4,2 пайызды көрсеткен, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің едәуір төмендегенін білдіреді. Өткен жылы ресми түрде қызметтік кәсіппен жастардың ішінен Қазақстанда 2,1 млн азамат қамтамасыз етілді. Бір сөзбен айтқанда 14 жас пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың тең жартысының қызметі бар. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми көрсеткіштерге сүйенсек, еліміздің 115 мыңға жуық жас тұрғындары бұл бағдарламаға қатысып, жұмыспен қамтамасыз етілген. Ескере кететін жәйт, бұл көрсеткіштің жартысынан көбі ауыл тұрғындары.

Мемлекеттік бағдарламалар жастарды жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар біліктілігін арттыруға, мамандығын ауыстыруға, жаңа мамандықтарды игеруіне де көп көңіл бөледі.

Елбасының тапсырмасы бойынша, осы жылдан бастап, мамандығы бойынша қызмет еткісі келетін адамға мемлекет барлық жағдайды тегін ұсынады. Бірінші кезекте, бұл шара жұмыссыз және өздігінше жұмыспен қамтылған жастарды қолдауға бағытталған.

«Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жастарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2016 жылғы мәлімет бойынша, «Жасыл ел» бағдарламасымен елді мекендерді жайластыру мен көгалдандыруға 18 мың адам қатысқан.

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бойынша өткен жылы 67 мың жастар өкілі  мемлекеттік қолдау алып, барлығы дерлік жұмыспен қамтылған. Ескере кететін жәйт, 2016 жылғы жастардың дамуы жаһандық индекс бойынша, Қазақстан Республикасы жастарды жұмыспен қамту, олардың саяси және азаматтық қатысымы бойынша Түркия (62 орын), Ресей (110) және Қытай (118) секілді мемлекеттерді артқа тастап, 183 мемлекет арасынан 63-орынға тұрақтады. Қорыта айтқанда, жастар саясатының жүйелі әрекетінің нәтижесінде Қазақстанның жастарын бәсекеге қабілетті әлемнің ұлдары мен қыздарының қатарынан көретін күн де алыс емес.

Жетістікке жетуге жағдай жасалуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы туралы айтады.

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы осы ойды ары қарай жалғастыра отырып, негізгі назарды қазақстандықтардың рухани саласы мен санасын үздіксіз үдерістер арқылы жаңғыртуға аударады. Ұлт Лидері қойған негізгі міндет, осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында негізгі рөлде - жастарды бөліп қарастыру. Бүгінде, 3D-принтинг секілді  жаңа технологиялар мен салалар, онлайн сатылымдар, мобильді банкинг, сандық қызметтер прогрессивті жастардың арқасында кең ауқымдағы даму үстінде. Себебі, жастар жаңашылдыққа ұмтылады, өзіндік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тырысады. Жас адамдар жаңа заманның сұранысына жылдам бейімделеді.

Өскелең ұрпақ әрдайым заман сұранысына сай бейімделуіне, кейде әлемдік дамудың алдын алуға, бүгінде республикамызда білім беру әдістемесіне өзгерістер енгізілуде, үш тұғырлы тілді меңгеру, заманауи ІТ-технологиясын енгізу, робототехника және тағы басқа жаңашылдыққа баса назар аударылуда.


Другие вопросы
Создать вопрос

Похожие вопросы: