2-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып және сан есімдерді қолданып « Біз - Егеменді еліміздің ертеңіміз» тақырыбына диалог құрастырып жазыңыз. «Сөйлеуші →тыңдаушы» позициясын ауыстырып отырыңыз. Тірек сөздер: көркейту, ізденгіш, зерек, еңбексүйгіш, нығайту.

Вопрос:

2-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып және сан есімдерді қолданып « Біз - Егеменді
еліміздің ертеңіміз» тақырыбына диалог құрастырып жазыңыз.
«Сөйлеуші →тыңдаушы» позициясын ауыстырып отырыңыз.
Тірек сөздер: көркейту, ізденгіш, зерек, еңбексүйгіш, нығайту.
Қазақ тiлi
admin 19.05.2023 35

Ответ учителя:

Ответ:

Объяснение:

Қазақ халқы сан ғасырлыр бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің бірі – қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату тіршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы – тәуелсіздікке халқымыздың бостандыққа деген ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында қол жеткіздік.

Кең даладан, бос даладан не пайда,

Кең далада бостандығың болмаса, - деп Қадыр ақынның бостандықты жырлауы ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы – азаттыққа үн қосып, аға ұрпақтың жас ұрпаққа артқан сенімі еді. Сол сенімді бойында патриоттық сезімі алаулаған, «елім», «жерім», «қазағым» деген бодандық құрсауын бұзуға ұмтылған қара қазақтың қайсар ұл-қыздары асқан ерлікпен ақтап, қарсы келген жауының қаһарын қайтарды. Осындай өжет те батыл, ержүрек ұл-қыздарымыздың арқасында қазақ халқының басына күн шуағын шашқандай бейбіт, жарқын туды. Ол күн, әрине, 16 желтоқсан .


Другие вопросы
Создать вопрос

Похожие вопросы: