ПОМОГИТЕ СРОЧНО 1. Өлеңніңидеясын 1 сөйлемменжазыңыз. 2. Өлеңдегі ақпараттарды және адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздерді қолдана отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымын!» тақырыбында өз ойыңызды білдіріңіз. 3. Өзіңіз таңдаған айтыскер ақынның бірімен сұхбат мәтінін жазыңыз.

Вопрос:

ПОМОГИТЕ СРОЧНО
1. Өлеңніңидеясын 1 сөйлемменжазыңыз.
2. Өлеңдегі ақпараттарды және адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздерді қолдана отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымын!» тақырыбында өз ойыңызды білдіріңіз.
3. Өзіңіз таңдаған айтыскер ақынның бірімен сұхбат мәтінін жазыңыз.
Қазақ тiлi
admin 19.05.2023 30

Ответ учителя:

Ответ:

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата — бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.

Түп жежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргел іел, жоралы жұрт, салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркндіксүйгіш жігерінің , асқақ рухының арқасы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бұл далада халқымыз үш ғасырдай бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашан да бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Дүние жүзіндегі халықтардың ортақ ойы, арманы- бостандық, тәуелсіздік

      XVIII – XIX  ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Халқымыздың басынан қара бұлт серпілмеді.

 

                     Дос та іздедем жау тисе болысатын,

                    Қыс қыстатып, жаз бірге қоныстанатын.

                    Еділ,Жайық,Ертісті жағаладым,

                    Үміт көрдім құдіретті Ресей атын,

      Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты.XX  ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына «Жігіт бермейміз» деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшырады. Қаншасы өз жерінде қырғын көрді.

     1917 жылдан кейін де қуғыншылыққа ұшырап, мыңдаған жандар ата –жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932 – 1933 жылдарда болған адам айтса нанағысыз ашаршылықта 9 миллиондай халықтың жартысына жуығы опат болды. Зиялы қауымды қынадай қырған 1937 – 1938 жылдар…

      1941 – 1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекшк ерлік көрсетті.

     1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

    1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

     Осы жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі елді «Тәуелсіз, демократиялық және құқылы мемлекет»  деп жарияланды.

     Талай нәубетті басынан өткерген халық үшін азаттықтың, бостандықтың өзі баға жетпес байлық екені сөзсіз.

      Қазақ елін бір тудың астына жинап, біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш  арыстары: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқайұлы. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман — тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.

       Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным, деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.

       .

     

Объяснение:

сори если не правильно


Другие вопросы
Создать вопрос

Похожие вопросы: